Путиннің баспасөз хатшысы: Финляндия мен Швеция НАТО-ға кірсе, Ресей қосымша қадамдар жасайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Песков бейсенбі күні Sky News-ке берген сұхбатында Ресейдің НАТО бейбіт одақ емес, Ресейге қарсы соғысқысы келетін әскери машина екеніне сенімді екенін, сондықтан НАТО күшейетін болса, Ресей тек «теңгерімге» түзетулер енгізуді таңдайтынын айтты. Песков сондай-ақ Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге өтініш берсе, бұл Ресейдің батыс қанатының қауіпсіздігін қиындататынын атап өтті. Оның айтуынша, НАТО мен Ресей бір-бірін әскери тұрғыдан тежеу және тепе-теңдікті сақтауы керек, бірақ егер НАТО өзін Ресейден күштірек ету үшін, әсіресе ядролық қару жағынан біржақты түрде нығайса, бұл бүкіл аймақтық қауіпсіздік архитектурасына қатер ретінде қарастырылады. Ресей де осы мақсатта қосымша шаралар қолданатын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото