Ван И АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатаң көзқарасын білдірді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 7 сәуірде Қытайдың Мемлекеттік кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И Франция президентінің сыртқы істер жөніндегі кеңесшісі Бонамен телефон арқылы сөйлесу барысында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барады деген ақпаратқа қатысты Қытайдың қатаң ұстанымын білдірді.

Ван И қазіргі халықаралық жағдайдың тұрақсыз болып бара жатқанын атап көрсетті. «Америка Құрама Штаттары Украина мәселесінде елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін алға тартады, бірақ Тайвань мәселесінде «бір Қытай» қызыл сызығынан ашық аттайды, бұл шын мәніндегі екі жақты стандарт»,-деді Ван И.

«Бір елдің мәртебелі тұлғасы ретінде АҚШ Өкілдер палатасының спикері Тайваньға саналы түрде барса, Қытайдың егемендігіне қасақана арандатушылық жасағандық, Қытайдың ішкі істеріне өрескел араласқандық саналады, сыртқы әлемге аса қауіпті саяси дабыл жасайды. Егер АҚШ өз бетімен кетсе, Қытай тиісті шараларды батыл қолданады, ал АҚШ барлық зардаптарды арқалайтын болады»,-деді Қытай Сыртқы істер министрі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото