Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 сәуір
Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Осыған қарай, Қазақстанның Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото