Дүниежүзілік азық-түлік бағасы Украина дағдарысына байланысты жоғарлап наурызда рекордтық деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 сәуір
Дүниежүзілік азық-түлік бағасы Украина дағдарысына байланысты жоғарлап наурызда рекордтық деңгейге жетті

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 8 сәуір күні баяндама жариялап, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың астық және өсімдік майы дүниежүзілік нарығына әсер етіп, наурыз айында әлемдік азық-түлік бағасының артып жаңа жоғары деңгейге жеткенін көрсетті.

Хабарламаға сәйкес, ФАО-ның азық-түлік бағасының индексі наурызда 159,3 тармақты құрады, бұл өткен бір аймен салыстырғанда 12,6%-ға өскен, ал бір жыл ішінде 33,6%-ға өсті. Жаңа жоғары көрсеткіш ақпан айында индекс 1990 жылы құрылғаннан бері ең жоғары деңгейге көтерілгеннен кейін ,қайра жоғары деңгейге көтерілді.

Баяндамада Украина дағдарысының бидай мен ірі астық бағасының көтерілуіне себеп болғаны, ФАО жарма бағасының индексінің наурыз айында алдынғы бір аймен салыстырғанда 17,1%-ға өскенін атап өтті. Бір айда бидай бағасы алдынғы бір аймен салыстырғанда 19,7%-ға, ал жүгері бағасы 19,1%-ға өсті; жүгері, арпа және құмай бағасы 1990 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

ФАО есебіне сәйкес, соңғы үш жылда Ресей мен Украина дүниежүзілік бидай экспортының шамамен 30 пайызын және жүгері экспортының 20 пайызын бірге құрап келеді екен.

Хабарда сондай-ақ Украина әлемдегі негізгі күнбағыс майын экспорттаушы ел екені және күнбағыс майының бағасы өрлегендіктен наурызда өсімдік майы бағасы индексінің алдынғы айдан 23,2%-ке өскенін көрсетті. Сонымен қатар наурыз айында пальма, соя және рапс майының да бағасы күрт жоғарылаған.

Ал, наурызда ет, сүт өнімдері және қант бағасы алдыңғы бір аймен салыстырғанға сәйкес 4,8%-ке, 2,6%-ке және 6,7%-ке өскен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото