Американдық гегемонияның бірі - Украина дағдарысының бастамашысы болу

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 сәуір

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі Украина дағдарысы – АҚШ-тың Украинаны пешке ретінде пайдаланып, геосаяси шахмат тақтасында Ресейді қадам сайын басып тұруының нәтижесі.

Германияның қайта бірігуінің алдында АҚШ Кеңес Одағына НАТО «шығысқа бір адым да жылжымайды» деп уәде берген болатын. Бірақ қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Америка Құрама Штаттары НАТО-ға Шығыс Еуропа мен ТМД-ның 14 елін қосып, НАТО-ны Ресей шекарасына тіке жақындатып, шығысқа қарай бес рет ілгерінді-кейінді ірге жайды. Француз академиясының академигі Андре Макини Америка Құрама Штаттарының Белградты бомбалап, Сербия, Ауғанстан, Ирак және Ливияда соғыстар бастағанын, мұның бәрі Ресейді қоршауға алғандай әсер тудыратынын атап көрсетті.

АҚШ Украинада «қызғылт сары революция» мен «шаршы революция» жасап, американы жақтайтын режимді қолдап, Украинаны НАТО-ға кіруге желіктіру арқылы, Украинаны Ресейге қарсы пешке ретінде пайдаланды. Өзгелерді айтаққа салып, бір елдің қауіпсіздігі мен төзімін қыспаққа қалдыруды әдетке айналдырған АҚШ Украина дағдарысының бастамашысы болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото