НАТО әлемді бүлдіруге ұмтылмауы керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 сәуір
НАТО әлемді бүлдіруге ұмтылмауы керек

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 11 сәуір күні Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь кезекті баспасөз мәслихатында: «НАТО-ның жауапты тұлғасы Қытайға негізсіз айыптау мен қаралау шабуылдарын жалғастырды, Қытай бұған қатты наразы және үзілді-кесілді қарсы»,-деді.

Чжао Лицзянь НАТО-ның ұзақ уақыт байырғы қауіпсіздік концепциясын ұстанып, лагерьлік қақтығысқа қатысу үшін «ескі қырғи-қабақ соғыс» әдісін қолданып, жекелеген елдердің гегемонияға ұмтылу құралына айналғанын айтты. НАТО аймақтар мен өңірлерді бұзып өтуді жалғастыруда және топтық қарама-қайшылықтың «жаңа қырғи-қабақ соғысын» жақтайды. Халықаралық қоғамдастық бұған өте қырағы болып, табанды түрде қарсы тұруы керек.

Чжао Лицзянь былай деді: «НАТО басшылары біраз уақыттан бері фактілерді елемей, дұрыс пен бұрысты ажыратпай, Қытайды негізсіз айыптау мен қаралауды жалғастырып, Қытайдың сыртқы саясаты туралы ұшқыр пікірлер айтып, «Қытай қаупі теориясын» алға тартты. Соңғы кездері Қытайға қауіпін бұрынғыдан да күшейтті, Қытай бұған қатты наразы және үзілді-кесілді қарсылық танытып, НАТО-ға талай рет қатаң мәлімдеме жасады. НАТО Қытайға қарсы шындыққа жанаспайтын сөздер мен арандатушылық әрекеттерді таратуды дереу тоқтатып, идеологияның сызған қарсыластық көзқарастан бас тартуы керек. НАТО қазірдің өзінде Еуропаны бүлдірді, енді Азияны және бүкіл әлемді лас әрекетке бастамасын».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото