АҚШ - Әлемдегі дүрбелеңнің «артындағы қара қол»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 сәуір
АҚШ - Әлемдегі дүрбелеңнің «артындағы қара қол»

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан бері Америка Құрама Штаттары Украинаға қару-жарақ жіберуді жалғастырды және Ресейге қарсы санкциялық қоршауды бастап, «отқа май құйды».

Егер АҚШ шынымен де украин халқының қамын ойласа, ол қару-жарақ беруді жалғастыра бермей, бейбітшілік орнатуға шақыратын еді. АҚШ-тың үздіксіз «отқа май құюының» артында қайшылықтарды күшейту арқылы өзінің гегемондық жағдайын бекітуге тырысатын теріс ниетін жасыру жатыр.

Тарихқа көз жүгіртсек, АҚШ соғысты экспорттап, одан пайда табуды бұрыннан жақсы білетінін көреміз. 1776 жылы 4 шілдеде тәуелсіздік жарияланғаннан бері 240 жылдан астам уақыт ішінде Америка Құрама Штаттары 20 жылдан аз уақыт ғана соғысқа қатыспаған екен. Толық емес статистикаға сәйкес, 1945 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан 2001 жылға дейін әлемнің 153 аймағында 248 қарулы қақтығыстар болды, оның 201-і АҚШ-тың бастамасымен болған, ол шамамен 81%-ды құрайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Америка Құрама Штаттары мен НАТО тікелей басып алу және жанама араласу арқылы бүкіл әлемде дүрбелең тудыруды жалғастырды: Гватемала, Куба, Вьетнам, Конго, Никарагуа, Ирак, ФРЖ, Ауғанстан, Ливия, Сирия... сынды әлемдегі үлкенді-кішілі даулар мен қақтығыстардың артында көбінесе АҚШ-тың көлеңкесі тұрады. АҚШ-ты әлемдік дүрбелең тудыруған «сахна артындағы қара қол» деуге әбден лайық. АҚШ ешқашан дүниежүзіндегі бейбітшілік пен дамуды ойлаған емес. Жиі тәртіпсіздіктер тудыру - бұл оның пайдакүнемдік мүдделері үшін жасалған саяси ойыны.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото