Американдық гегемония: әлемдегі ең тойымсыз «вампир»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 сәуір

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан бері АҚШ Украинаға ілгерінді-кейінді қару-жарақ жіберіп, отқа май құя түсті. Украина дағдарысында АҚШ пен оның әскери-өнеркәсіп кешені «соғыс табыстарын» жасап, «ең үлкен жеңімпаз»-ға айналды.

Швециядағы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының жуырдағы есебіне сәйкес, «әлемдегі ең ірі қару-жарақ экспорттаушы» АҚШ пен оның әскери-өнеркәсіп кешені Ресей-Украина қақтығысынан «орасан табыс тауып отыр». Бұл айтылымды АҚШ-тың әскери алпауытының акция бағасы да растайды. 24 ақпан мен 28 наурыз аралығында Lockheed Martin акциялары 13%-дан, Northrop Grumman 13,4%-дан, General Dynamics 10%-дан астам қымбаттады.

АҚШ қақтығыстың тоқтауынан алаңдап, шиеленісті ушықтыруда, бұл өз қоржынын толтыру және ұзақ уақыт бойы гегемондық ұстанымын сақтау үшін соғыстан ақша табуға тырысудан басқа ештеңе емес. «Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан бері Пентагонда (АҚШ Қорғаныс министрлігі), К-стритте (Вашингтонның лоббистік компаниялары жиналатын жерде), әскери өнеркәсіпте және бүкіл Капитолий ғимаратында шампан ашылып, құттықтаулар білінбей өтіп жатты», - деді Пентагонның бұрынғы әскери сарапшысы Франклин Спинни.

Америка Құрама Штаттары үзбей соғыстар тудырумен келеді: Парсы шығанағы соғысы, Косово соғысы, Ауғанстан соғысы, Ирак соғысы... Бұл үшін барлығы да бодау берді, тек американдық саясаткерлерді басқаратын әскери-өнеркәсіптік кешен ғана пайдаға кенелді - өзге елдердің тағдырын өз пайдасына айырбастап, көп табыс тапты. Америка Құрама Штаттары дүние жүзіндегі аты затына сай ең тойымсыз «вампир».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото