Жекенге еріп қазақ малшыларының көші-қонымен танысайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 сәуір

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Көші-қон Шыңжаңдағы қазақ малшылары үшін күнделікті тұрмыстың бір бөлігі болып табылады. Қазақ малшыларының көшіп-қону әдет-ғұрыптары автономиялық регион деңгейіндегі материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Алтай аймағы, Бурылтоғай ауданы, Көкағаш елді мекенінде тұратын Жекен Расбайұлы өмірінің көп бөлігін отбасымен бірге қыс қыстау, жаз жайлауда өткізген, қазақтың көші-қон мәдениетінің мұрагері. Бүгін Жәкен Расбайұлы отбасы мен төрт түлігін, жайлаудан күзеуге қарай көшіреді. Қазіргі таңда көптеген малшылар көші-қон үшін моторлы көлік пайдалана бастаса да, Жекен осы бір дәстүрлі көшіп-қону мәдениетін қорғау қажет деп санайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото