АҚШ - ХХІ ғасырдағы «қырғи-қабақтық соғысты жоспарлаушы»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 сәуір
АҚШ - ХХІ ғасырдағы «қырғи-қабақтық соғысты жоспарлаушы»

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Америка Құрама Штаттарының басшылығымен НАТО «ұжымдық қауіпсіздік» деп аталатын қорғаныс сызығын Ресей мен Украина шекарасына ығыстырып, ақырында Украина дағдарысын тудырды. Бұл, сөзсіз, әлемге американдық гегемонияның мәнін және қырғи-қабақ соғыс менталитетінің жойқын әсерін көрсетіп береді.

Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау АҚШ-тың стратегиялық рейтингінде ешқашан басымдыққа ие болған емес. Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттары «бес көз» альянсын нығайтудан «төрт жақты механизмді» сатуға дейін көтеріліп, көпжақтылыққа қайта оралуға шақырды. Алайда олар іс жүзінде жабық және басқаны сыртқа ығыстыратын саясатпен айналысады. Яғни аймақтық ынтымақтастықты ілгерілету деген желеумен геосаяси ойын ойнауда. «Кіші шеңберді» құру және «қырғи-қабақ соғыстың елесін» қайта тірілту жөніндегі мұндай «күш-жігер» АҚШ-тың басқа елдердің дамуын тежеуге және халықаралық ландшафттағы үстемдігін нығайтуға деген теріс ниетін әшкерелейді.

Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері ондаған жылдар өтсе де, кейбір американдық саясаткерлер қырғи-қабақ соғыс менталитетінен ешқашан бас тартқан емес. Америка Құрама Штаттарының өз гегемониясын сақтап қалу үшін жасаған әрекеттері әлемге алшақтық пен пікір қайшылығын әкелді. Сөйтіп, ХХІ ғасырдағы «қырғи-қабақтық соғысты жоспарлаушы» әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзатын апатқа айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото