Сыртқы сауда бірінші тоқсанда бірқалыпты басталады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 сәуір

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасы 13 сәуір күні жариялаған мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің сыртқы саудасы бірқалыпты басталып, тауар саудасының жалпы импорт-экспорттық құны 9,42 триллион юань болып, өткен жылға салыстырғанда 10,7%-ға артқан. Оның ішінде экспорт 5,23 триллион юань болып, 13,4%-ға, импорт 4,19 триллион юань болып, 7,5%-ға өсті.

Бірінші тоқсанда еліміздің қалыпты сауда импорты мен экспорты 5 триллион 950 миллиард юаньға жетіп, 13,9 пайызға артты. Бұл елдің жалпы сыртқы сауда импорты мен экспортының 63,2 пайызын құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайыздық тармаққа жоғарылаған. Сәйкес кезеңде еліміздің өңдеу саудасының импорты мен экспорты 1,99 триллион юаньға жетіп, 4,2 пайызға өсті. Бірінші тоқсанда еліміздің негізгі бес сауда серіктесі АСЕАН, Еуропалық Одақ, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға импорт пен экспорт сәйкесінше 8,4%, 10,2%, 9,9%, 12,3% және 1,8% өсіп, импорт пен экспорттың жалпы өсімін 4,8 пайыздық тармаққа көтерді.

Бірінші тоқсанда елімізде импорт және экспорт көрсеткіші бар 432 000 сыртқы сауда кәсіпорны анықталып, бұл бір жылмен салыстырғанда 5,7%-ға өскен. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің импорты мен экспорты 14,1%-ға өсті, бұл сыртқы сауданың жалпы өсу қарқынынан 3,4 пайыздық тармаққа жоғары болып, сыртқы сауданың 6,6 пайыздық тармаққа көтерілуіне ықпал етті.

Мәліметтерге қарағанда, бірінші тоқсанда еліміздің «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің импорты мен экспорты 2,93 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,7 пайызға өскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото