Американдық гегемония: Әлемге апат туындатушы «у қайнары»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Украинадағы АҚШ биологиялық зертханасы барлық тараптардың ерекше назарын аударды. Шын мәнінде, АҚШ-тың Украинадағы биомилитарлық әрекеттері айсбергтің ұшы ғана. «Биологиялық қауіпсіздік тәуекелдерін азайту бойынша ынтымақтастық» және «жаһандық қоғамдық денсаулықты нығайту» атынан АҚШ Қорғаныс министрлігі Африканы, Шығыс Еуропаны, Оңтүстік-Шығыс Азияны және Таяу Шығысты қамтитын әлемнің 30 еліндегі 336 биологиялық зертхананы бақылайды. Бұл зертханаларда жазатайым оқиғалар жиі орын алады және көптеген ықтимал қауіптер де бар.

Америка Құрама Штаттарындағы зертханалық апаттардың «қара тізіміне» көз жүгіртсеңіз, Америка Құрама Штаттары індет, өшпенділік пен соғыс апаттарын туындататын «у қайнары» екенін байқайсыз. Өткен ғасырда Америка Құрама Штаттары афроамерикандықтарға адам эксперименттерін жүргізу үшін «Тускеги сифилис экспериментін» қолданып, мерездің адам ағзасына зиянын жасырын түрде зерттеді және оны 40 жыл бойы жасырып келді. Бұл әрекет 1972 жылы бұқаралық ақпарат құралдары әшкерелегеннен кейін тоқтатылды. 2013 жылы АҚШ Қорғаныс министрлігі Грузиядағы Лугар орталығында сібір жарасына қарсы вакцинаны сынауды бастап, сол жылы Грузияда сібір жарасының өршуі орын алды. 2009 жылдан 2014 жылға дейін Оңтүстік Кореяда орналасқан АҚШ әскерилерінің биологиялық және химиялық қару зертханасы қауіпті Антрацис таяқшасы (Bacillus anthracis) сынағын кем дегенде 15 рет жүргізді. 2015 жылы АҚШ-тағы биохимиялық орталық Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскери базасына Bacillus anthracis сынамаларын жібергенде, Оңтүстік Кореяға оба таяқшасын да жіберіп, нәтижесінде апаттың тасымалдануына жол берілді. Америка Құрама Штаттарындағы Форт-Детрик биологиялық базасын американдық БАҚ «АҚШ үкіметінің ең қараңғы эксперимент орталығы» деп атайды. База көптеген қауіпсіздік инциденттерін (салдарын) бастан өткерді. Осы себептен 2019 жылдың шілдесінде жабылған да болатын...…

Халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығы мен күмәніне қарамастан, Америка Құрама Штаттары осындай құйтырқылықтарынан үнемі жалған сылтаумен жеңіл құтылуға тырысып келеді. Дүние жүзіндегі АҚШ биолабораториялары немен айналысады? АҚШ саналы түрде жан-жақты түсініктемелер жасап, әлемге жауап беруі керек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото