«Шэньчжоу 13» ғарыш кемесі ғарыш станциясының негізгі модуль жинағын эвакуациялап, жерге оралғалы жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың адам басқаратын ғарыштық инженерлік кеңсесінің 14 сәуір күнгі хабарлауынша, «Шэньчжоу 13» ғарыш кемесі жоспарланған тапсырмаларды түгел орындап болды. Жақында ғарыш стансасының негізгі модульдік жиынын эвакуациялайды және Дүңфэн қону алаңына қарай оралады. Қазіргі уақытта «Шэньчжоу 13» экипажы ғарыш кемесін эвакуациялаудың дайындығы аяқталып, «Дұңфэн» қону алаңы мен инженерлік-техникалық жүйелер ғарышкерлерді қайтарудың дайындық жұмыстарын жүргізуде.

2021 жылдың 16 қазанында Чжай Чжиган, Ван Япин, Е Гуанфу сияқты үш ғарышкер Цзюцюань жерсерігін ұшыру орталығынан «Шэньчжоу 13» ғарыш кемесіне отырып, Тяньхэ-ның негізгі кабинасына барған болатын. Олар Қытай ғарыш станциясында «орналасқан» ғарышкерлердің екінші партиясы еді.

Орбитада үш ғарышкер жердегі ғылыми-технологиялық қызметкерлердің қолдауымен екі рет тысқа шығу іс-шарасын және екі «Тяньгун сыныбы» ғарышта сабақ өту қызметін сәтті аяқтап, бірқатар ғылыми-технологиялық тәжірибелер мен қолданбалы жобаларды жүзеге асырды. Ван Япин көліктен тыс әрекеттерді орындаған Қытайдағы алғашқы әйел ғарышкер. Сонымен қатар, «Шэньчжоу 13» астронавт экипажы орбитада алғаш рет телеоперация арқылы жүк кемесін ғарыш станциясында түйістіруді аяқтады. Алғаш рет орбитада 6 ай тұруға қол жеткізіліп, қытайлық астронавттардың орбитада үздіксіз ұшу ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты. Үш астронавт ғарышта алғаш рет Жаңа жыл түні мен қытай жаңа жылын қарсы алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото