Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Орталық Азия табиғи газ құбыры Қытайға шамамен 10,07 миллиард стандарт текше метр газ жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 сәуір

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 15 сәуір күні Ұлттық құбыр желілері тобының Батыс құбыр компаниясы, Қорғас газ сығымдау станциясынан алған ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Орталық Азия табиғи газ құбыры елімізге шамамен 10,07 миллиард стандарт шаршы метр газ жеткізген. Ал тәуліктік газ тасымалдау көлемі 112 миллион стандартты шаршы метрді құрады, Бұл ішкі табиғи газ нарығының қарқынды өсіп келе жатқан сұранысына берік кепілдік береді.

Орталық Азия табиғи газ құбыры Қытайдың құрлық арқылы енгізілген табиғи газдың бірінші трансшекаралық энергетикалық арнасы болып табылады. Ол батыста Түркіменстан мен Өзбекстан шекарасынан басталып, Орталық Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстігінен өтіп, Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елімізге кіреді. Осыдан соң Қорғас компрессорлық стансасы арқылы отандық Батыс-Шығыс газ құбырының екінші және үшінші желілеріне қосылады. «Қорғас компрессорының» бірінші стансасынан алынған мәліметтер бойынша, 2021 жылы Орталық Азия табиғи газ құбыры Қытайға шамамен 44,1 миллиард стандарт текше метр газ жеткізген.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото