Өмірмен санаспайтын адам құқықтарының «Жалған даосисті»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 сәуір
Өмірмен санаспайтын адам құқықтарының «Жалған даосисті»

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Украина дағдарысынан кейін Америка Құрама Штаттары «Соғысты тоқтат» деп аузында айтқанымен, бірақ іс жүзінде ол жосықсыз әдістермен отқа май құйды.

10 наурызда АҚШ «Украинаға көмек көрсетуге» 13,6 миллиард доллар бөлді. Наурыздың басында New York Times газеті АҚШ пен НАТО алты күн ішінде Украинаға 17 мыңнан астам танкке қарсы қару-жарақ жеткізгенін хабарлады. Сондай-ақ АҚШ Польшаға Украинаға МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беруді ұсынып, ал өзі Польшаға өтемақы төлеуді «Белсенді түрде қарастырмақшы» болған. Сонымен бірге АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қатты қысым көрсетіп, Ресейге қарсы мыңдаған жойқын санкциялар енгізді.

АҚШ алдымен өрт қойып, сосын оны желпіп отыр. Ал бұдан Украина халқы зардап шекті. БҰҰ БЖКБ 31 наурызда 4 миллион адам Украинадан қашып, 6,5 миллионға жуық адам ел ішінде босқынға айналғанын хабарлады.

АҚШ қолына пышақ алып жүріп, аузында соғысты тоқтат деп айғайлап отыр. Соғысты тоқтатуға қате әдіс қолдану АҚШ-тың екіжүзділігін көрсетеді. Американың өзін бейбітшіл «Даосисті» деп жариялағанымен шын мәнінде ол қос стандартты «Жалған даосист» болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото