Бірінші тоқсандағы шетелдік инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 сәуір

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шу Жуэтин 14 сәуірде өткен кезекті онлайн баспасөз мәслихатында биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында еліміздегі шетелдік инвестиция жылдам өсіп, «тұрақты ашылымға» қол жеткізгені туралы ақпаратпен таныстырды. Шетелдік капиталды ел көлемінде нақты пайдалану көлемі 379,87 млрд юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайызға өсті.

Деректер жоғары технологиялық индустрияның инвестиция тарту қарқынының жоғарылағанын көрсетеді. Қаңтар-наурыз айларында жоғары технология өнеркәсібінде шетелдік капиталды нақты пайдалану 132,83 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,9 пайызға өсті. Оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 35,7%-ға, жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 57,8%-ға жетті.

Шу Жуэтин жақында Сауда министрлігі өткізген автомобиль өнеркәсібі тізбегіндегі шетелден қаржыландырылған кәсіпорындар туралы симпозиум ақпаратымен таныстырды. Шетелдік қаржыландырылған қатысушылар Қытай нарығының өсуіне сеніммен қарайтынын және Қытайдың ұзақ мерзімді тұрақты дамуының экономикалық болашағы мен нарықтық әлеуетіне жалпы оптимистік көзқарас ұстанатынын, Қытайды ең маңызды шетел нарықтарының бірі деп танитынын жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото