Қытай 2022 жылы 6 ғарыштық миссияны орындайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 сәуір

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 17 сәуірде Қытайдың адам басқаратын ғарыштық инженерлік кеңсесінің директоры Хао Чун Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында, 2022 жылы еліміз ғарыш станциясының орбиталық құрылысын аяқтау үшін алты миссияны орындайтынын айтты.

Аталған 6 миссия сәйкесінше төмендегідей:

Мамыр айында «Тяньчжоу-4» ғарыштық жүк кемесі ұшырылады;

Маусым айында «Шэньчжоу 14» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады, 3 ғарышкер негізгі модульде орналасып, орбитада 6 ай болады;

Шілдеде ғарыш станциясының Вэнтиан эксперименттік модулі ұшырылады және Тяньхэ негізгі модулімен түйісіеді;

Қазан айында негізгі модульмен түйісу үшін Мэнтян тәжірибелік модулі ұшырылады. Осыдан кейін ғарыш станциясының үш модулі «Т» пішінді негізгі құрылысты құрап болады, Қытай ғарыш станциясының орбиталық құрылысы аяқталды;

Іле-шала «Тяньчжоу 5» ғарыштық жүк кемесі мен «Шэньчжоу 15» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады. «Шэньчжоу 15» экипажындағы 3 ғарышкер «Шэньчжоу 14» ғарышкерлерімен орбитада кезек алмасқаннан кейін, орбитада 6 ай тұрады.

«Шэньчжоу 14» пен «Шэньчжоу 15»-тің ғарышкерлері таңдаудан өтті.

Қытайдың ғарыштық инженерлік ғарышкерлер жүйесінің бас жобагері және Қытай астронавттарын зерттеу-даярлау орталығының зерттеушісі Хуан Вэйфэньнің айтуынша, қазіргі «Шэньчжоу 14» және «Шэньчжоу 15» ұшу экипаждарының физикалық және психикалық жағдайы өте жақсы, олар тиісті дайындық пен жаттығуларды белсенді түрде жүргізіп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото