А.Гутерриш: Украина дағдарысы әлем халқының бестен бірін аштық пен кедейлікке ұшыратуы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 сәуір
А.Гутерриш: Украина дағдарысы әлем халқының бестен бірін аштық пен кедейлікке ұшыратуы мүмкін

19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш жақында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Украина дағдарысы 1,7 миллиард адамды, яғни әлем халқының бестен бірінен астамын кедейлік пен аштыққа ұшыратуы мүмкін екенін айтып, бұл «дамушы елдерге үнсіз соққы туғызғанын» жеткізді.

А.Гутерриш Ресей мен Украина бидай мен арпаның әлемдік өндірісінің 30 пайызын, жүгері өндірісінің бестен бірін, ал күнбағыс майын өндірудің жартысынан астамын құрайтынын айтты.

А.Гутерриш Украина дағдарысы азық-түлік экспортын шектеуге және қамдау тізбегінің үзілуіне әкеліп соқтырғанын, бұл өз кезегінде бағаның шарықтауына жеткізгенін айтты. Жыл басынан бері бидай мен жүгері бағасы 30 пайызға, Лондондағы Brent маркалы мұнай фьючерстері 60 пайызға, газ бен тыңайтқыш екі еседен астам көрсеткішке қымбаттаған.

Халықаралық валюта қорының президенті Кристалина Георгиева 14 сәуір күні Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты әлемдік экономиканың 86 пайызын құрайтын 143 экономикалық тұлғаның биылғы экономикалық өсу болжамының төмендейтінін айтты.

Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы 13 сәуір күні ортақ мәлімдеме жасап, барлық тараптарды азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін тез арада біріккен іс-қимылдар жасауға шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Русская редакция)

Фото