Қазақстан ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 сәуір

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария етті деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олардың арасында шет мемлекеттің азаматы да бар,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу соты бұларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты және тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото