Американдық гегемония: Халықаралық тәртіпті бұзатын «Волдеморт»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 сәуір

18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» --  Мемлекет болып құрылғаннан бері АҚШ басқа елдердің ішкі істеріне араласуға, басқа елдердің режимдерін бұзуға құмарланып, әлемдік тәртіпті бүлдіретін гегемонист болды. Әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтірген бұл «Волдеморт» тіпті жаһандық ауқымдағы сайлауға араласып, ретсіздікті қоздатып, орныққан жүйені бұзып, интервенционизм мен өктемдікті жүргізіп келеді.

Америка Құрама Штаттарының тарихы айтып-айтпай соғыстың тарихы екені халықаралық қоғамдастық мойындаған факт болып табылады. Құрама Штаттар 1776 жылы ел болып құрылғаннан бері шамамен 93% уақытын соғыспен өткерді; Соңғы 10 жылда Америка Құрама Штаттары 20-дан астам елге басып кірді немесе тиісті елдердің режимдерін өзгертуге ұйытқы болды, кейбір елдердің «түрлі-түсті революцияларына» қанша рет араласты немесе манипуляция жасады. Латын Америкасына, Таяу Шығысқа, Шығыс Еуропаға және басқа мемлекеттерге көз жүгіртсек, саяси жағдайдың шиеленісіп, азаматтық қақтығыстың өршуі, терроризмнің күшеюі немесе аймақтық жағдайдың күрделенуі сияқты АҚШ «еңбегінің жемісі» тудырған жосықсыз әрекеттер бүгінде әлемнің кез келген жерінде байқалатындығын аңдауға болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото