Тибеттегі Ямдрок көлінің жағасындағы бақытты ауыл

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 сәуір
Тибеттегі Ямдрок көлінің жағасындағы бақытты ауыл

19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Лхасадан оңтүстікке қарай көлікпен 4 сағат жүрсеңіз Ямдрок көлінің(Тибет тілінде «Көк жақұт көлі»)оңтүстік жағалауында орналасқан Тебла ауылына жетесіз. Бұл ауылдың экологиясы тамаша, ортасы жанға жайлы. Кедейшілікті жою және ауылды жандандыру жетістіктерін бекіту мен кеңейтудің маңызды тарихи кезеңінде тілші теңіз деңгейінен биіктігі 4400 метрден асатын осы қыратты ауылға келіп, кірісті арттырып, экологияны қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген диқандар мен малшылардың әңгімелерін тыңдады.

27 жастағы Лаба Пунксо ауылда тибет ұлттық киімдерін тігетін дүкен ашады. Ол тіккен дәстүрлі тибет киімдерінің бір данасы шамамен 500 юаньға сатылады, саудасы өте жақсы. Қазір отбасының кірісі жылына 40-50 000 юаньға артқан. Осы сияқты бұл ауылда жеті-сегіз тігін дүкені бар.

Ауылдың бірінші хатшысының айтуынша тибет киімдерін сатумен қатар, Тебла ауылындағы 48 отбасында 2000-нан астам ірі қара мен қой және 20 гектардан астам арпа бар екен. Үкімет тарапынан берілетін қосымша қаражатты қосқанда 2021 жылы ауылдағы 216 ауыл тұрғынының жан басына шаққандағы табысы 15400 юаньға жетіпті.

Ауылдың жанындағы Ямдрок көлі маңында жабайы аң-құстар тобымен жүретін болды. Қыстақ басшысы осындай тамаша экологиялық ахуалды пайдаланып, саяхатпен айналысып, туристерге көлдің әдемі көркін тамашалатсақ деген жоспары бар екенін де жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото