Бірінші тоқсанда Шыңжаң мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің импорты мен экспорты 50%-ға жуық өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 сәуір
Бірінші тоқсанда Шыңжаң мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің импорты мен экспорты 50%-ға жуық өсті

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Шыңжаңның сыртқы саудасы жақсы басталып, жалпы импорт пен экспорт көлемі 37 миллиард 830 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,9%-ға жоғарлап, ұлттық өсу қарқынынан 24,2% тармаққа артты. Оның ішінде экспорт 31 миллиард 350 миллион юань болып, 50%-ға артып, ұлттық өсу қарқынынан 36,6% тармаққа жоғары болды. Наурыз айында Шыңжаңның импорты мен экспорты айлық көрсеткіш бойынша «Екеуі де өсіп» және сауданың өсу тенденциясы орнықты.

Тілшінің 19 сәуір күні Үрімжі кеденінен алған мәліметі бойынша, бірінші тоқсанда Шыңжаң мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы импорт пен экспорт 50%-ға жуық өсті. Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жол» және RCEP (Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік келісімі) елдеріне импорты мен экспорты 34,91 миллиард юань және 2,43 миллиард юаньға жетіп, тиісінше 49,8% және 35,3%-ға өсіп, бұл көрсеткіш сол кездегі Шыңжаңның сыртқы саудасының өсу қарқынынан 14,9% және 0,4%-ға жоғары болды.

Қазақстанның кедендік ресімдеу саясатының әсерінен экспорттың бір бөлігі Қырғызстанды айналып, Қазақстанға жеткізіледі. Шыңжаңның Қазақстанға экспорттық сауда көлемі көрсеткіштері төмендеуді жалғастыруда. Бірінші тоқсанда Шыңжаңның Қырғызстанмен сауда құны өсті. Оның ішінде экспорт көлемі 14,59 миллиард юань болып, 11,6 есе артып, Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құнының 38,6%-ын құрады. Сөйтіп Қырғызстан Шыңжаңның ең ірі сауда серіктесіне айналды.

Бірінші тоқсанда Шыңжаңның 12 аймақ, облыс, қалалары сыртқы сауда импорты мен экспорты оң өсімге қол жеткізді. Үрімжі мен Қашқар Шыңжаңның сыртқы саудасының «Көш басшысы» ретінде сәйкесінше 31,9% және 171,4% өсті және екеуі қосылып Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құнының 47,5% құрады. Осы кезеңде Шыңжаңдағы төрт жан-жақты байланыс аймағының импорттық және экспорттық сауда құны 117,6%-ға өсті.

Үрімжі кеденіне жауапты тиісті тұлғаның айтуынша, әлсіз импорт әлі де Шыңжаңның сыртқы саудасы дамуының «Қиын нүктесі» болып табылады. Биылғы жылы халықаралық шикізат бағасының өсуі импорттың төмендеуіне әсер етті. Наурыз айында Шыңжаңның ауылшаруашылық өнімдері мен негізгі органикалық химикаттардың импорты екі ай қатарынан төмендеу тенденциясын бұзып, оң өсімді қолға келтірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото