Си Цзиньпин жаһандық қауіпсіздік бастамасын ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 сәуір

21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 21 сәуір күні таңертең Қытай төрағасы Си Цзиньпин 2022 жылғы Боао Азия форумы жылдық конференциясының ашылу салтанатына бейнебаян арқылы қатысып, негізгі баяндама жасады.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті : «Қытай дүниежүзінің ортақ қауіпсіздігін ілгерілету үшін жаһандық қауіпсіздік бастамасын: ортақ, жан-жақты, ынтымақты және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын ұстанып, әлем тыныштығы мен келісімін бірге қолдайды. Барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, барлық елдердің халқы дербес таңдаған даму жолы мен әлеуметтік жүйені құрметтуге баса мән береді. БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын ұстанып, «қырғи-қабақ соғыс» менталитетіне және біржақтылыққа қарсы тұруға, блоктық саясат пен лагерьлік қарама-қайшылықтан аулақ болуға шақырады. Әлем елдерінің үйлесімді қауіпсіздік мәселелеріне назар аударып, бейбіт жағдайдың бұзылмау принципін сақтау, теңдестірілген, тиімді және тұрақты қауіпсіздік құрылымын орнықтырып, ұлттық қауіпсіздікті басқа елдердің сенімсіздігі негізінде қамтамасыз етуге қарсы тұру керек. Диалог пен кеңесу арқылы елдер арасындағы келіспеушіліктер мен дауларды, дағдарыстарды бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін барлық іс-әрекеттерді қолдау, екі жақты стандарттарды, біржақты санкциялар мен «ұзын қол юрисдикциясын» беталды пайдалануға қарсы тұру қажет. Дәстүрлі және дәстүрлі емес салаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үйлестіру және терроризм, климаттың өзгеруі, киберқауіпсіздік пен биоқауіпсіздік сияқты жаһандық мәселелер мен аймақтық дауларды бірлесіп шешуі тиіс».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото