Шыңжаңның үстірттегі тұңғыш әуежайы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 сәуір
Шыңжаңның үстірттегі тұңғыш әуежайы ресми түрде ашылды

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 22 сәуірден бастап Қытайдың оңтүстік әуе компаниясы Үрімжі мен Моңғұлкүре арасында Шыңжаңның бірінші үстірт әуежайының ресми жұмысын бастады. Бұл Шыңжаңның үстірттегі тұңғыш әуежайының ресми іске қосылғанын және Моңғұлкүре ауданына ұшақ жете алмау тарихының аяқталғанын білдіреді. Моңғұлкүре тұлпар әуежайы – «14-бесжылдық»(2021-2025 жылдар аралығы)кезеңінде пайдалануға берілген Шыңжаңдағы алғашқы азаматтық көлік әуежайы.

Моңғұлкүре тұлпар әуежайы 1739,4 метр биіктігімен Шыңжаң таулы үстіртіндегі әуежайға айналды.

Маршрут жоспары тұрғысынан алғанда, Моңғұлкүре әуежайы ашылғаннан кейін ол Құлжа, Нарат әуежайларымен бірге Іле өзені аңғарының әуе туризмі циклін іске асырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото