Боао баяндамасы: Азияның экономикалық өсу қарқыны биылғы жылы 4,8% болуы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 сәуір

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 20 сәуірде Боао Азия форумы 2022 жылдық жиналысының ақпарат тарату мәжілісінде «Азияның экономикалық келешегі мен интеграциялық үдерісі» және «Тұрақты дамыған Азия және әлем – Азия жасыл трансформацияға ұмтылуда» деген екі құжатты жариялады.

Баяндамада сондай-ақ Азия экономикасының 2022 жылы әлі де қалпына келу процесінде болатыны, бірақ өсу қарқыны төмендеуі де мүмкін екені атап өтілді. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) нақты өлшенген ЖІӨ өсімін 2021 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 5,2 пайызды құрайды деп болжаған еді. Есеп 2022 жылы Азияның экономикалық өсімі Халықаралық валюта қорының ағымдағы болжамынан төмен болуы мүмкін деп санайды, ол 4,8% айналасында болады.

Баяндамада 2022 жылға қарай Азияның экономикалық өсуіне әсер ететін алты негізгі факторға назар аудару қажеттігі аталды:

Біріншіден, орын алған індеттің даму тенденциясы;

Екіншіден, Ресей мен Украина қақтығысынан кейінгі геосаяси жағдай;

Үшіншіден, АҚШ пен Еуропадағы ақша-несие саясатын түзетудің қарқыны мен ауқымы;

Төртіншіден, кейбір елдердің қарыз мәселесі;

Бесіншіден, негізгі шикізат өнімдерін жеткізу;

Алтыншыдан, кейбір елдердегі үкімет өзгерісі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото