Бірінші тоқсанда еліміздің шетелге инвестициясы 200 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 сәуір
Бірінші тоқсанда еліміздің шетелге инвестициясы 200 миллиард юаньнан асты

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бірінші тоқсанда еліміздің бүкіл салаға салған тікелей шетелдік инвестициясы 217 миллиард 760 миллион юань болып, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға артты (34 миллиард 290 миллион АҚШ долларына тең болып, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға өскен).

Бұл туралы 21 сәуірде өткен онлайн баспасөз мәслихатында Сауда министрлігінің өкілі Гао Фэн жеткізді. Гао Фэн былай деді: «Бірінші тоқсанда еліміздің қаржылық емес тікелей шетелдік инвестициясы 170,95 миллиард юань болып, сәйкес мезгілден 6,3 пайызға өсті (ол 26,92 миллиард АҚШ долларына тең, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 8,5 пайызға жоғарылаған). Оның ішінде 5,45 млрд АҚШ доллары көтерме және бөлшек сауда саласына жұмсалып, бұл ұқсас мезгілмен салыстырғанда 36,3%-ға, ал өңдеу өнеркәсібіне 4,35 млрд АҚШ доллары жұмсалып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға өсті; соған сәйкес «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердегі қаржылық емес тікелей инвестициялары 5,26 млрд АҚШ долларын құрап, бір жылда 19%-ға өсті.

Сонымен қатар, дәл осы кезеңде еліміздің шетелдік келісім-шарт бойынша жасалған жобаларының айналымы 184,16 миллиард юань болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға (29 миллиард АҚШ долларына теңесіп, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген) және жаңадан қол қойылған келісім-шарт құны 300,94 млрд юань болып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 13,3%-ға төмендеді (47,39 млрд АҚШ долларына тең, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 11,5%-ға төмендеген). Келісім-шарт құны 50 млн АҚШ долларынан асатын жаңадан 207 жоба жасалған, оның ішінде 109 жобаның құны 100 млн АҚШ долларынан жоғары. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердегі келісім-шарт негізіндегі жобалардың жаңадан жасалғандарының құны 24,64 миллиард АҚШ долларын, ал аяқталған тауар айналымы 15,97 миллиард АҚШ долларына жетіп, осы кезеңдегі жалпы көлемнің тиісінше 52% және 55,1%-ын құрады.      

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото