Си Цзиньпин алғашқы ұлттық кітап оқу конференциясына құттықтау хатын жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 23 сәуір күні Бейжіңде бірінші Ұлттық оқу конференциясы ашылды. ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, орталық әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин құттықтау хатын жолдап, жылы лебізін білдірді.

Си Цзиньпин құттықтау хатында кітап оқу - адам баласын білім алуға, даналықтан сусындауға және көркем мінез қалыптастыруға тәрбиелейтін маңызды жол екенін атап көрсетті. Қытай халқы ерте заманнан кітап оқуды, білімді, шынайы және адал болуды насихаттап, қытай ұлтының өшпес рухын жалғастыру арқылы өзіне сенімі берік қытай болмысын қалыптастырды.

Си Цзиньпин «Партия мүшелері мен кадрлардың кітап оқу, білім алу, өзін-өзі дамыту арқылы дарындылар қатарының артуына жетекшілік етуіне тілектеспін. Балалардың кітап оқу дағдыларын дамытып, бақытты, салауатты азамат болып өсуін тілеймін. Қоғамның кітап оқуға құштар болуын, кітап оқу әдетін қалыптастыруын, пайдалы кітап оқып, кітапты жақсы көруін үміт етемін»,- деді Төраға өз хатында.

Ашылу салтанатында ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі, орталық үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Хуан Күньмин Си Цзиньпиннің құттықтау хатын оқып, сөз сөйледі. «Төраға Си Цзиньпиннің құттықтау хаты ҚКП Орталық Комитетінің ұлттық оқуды алға жылжытуға және ғылыми келбеті қалыптасқан Қытай мемлекетін құруға зор мән беріп отырғанын толық көрсетеді. Төрағаның маңызды нұсқауының рухын зерделеп, жүзеге асыру, кітап оқуға деген басымдықты күшейту, қала мен ауылды қамтитын кітап оқуды ынталандыру жүйесін құру, кітап оқу аймағын кеңейту, сапасын жақсарту және кітап оқудың тиімділігін арттыру қажет. Ғылыми Қытайды құру арқылы мәдени әлеуетті елді орнықтыруға ықпал етіп, жаңа сапарға қуатты рухани нәр беру керек», - деді Хуан Күньмин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото