Ауғанстанның босқындар ісі министрлігі Қытайдың көмекке берген азық-түліктерін мұқтаж адамдарға таратты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ауғанстанның уақытша үкіметінің босқындар ісі министрлігі 23 сәуір күні, Қытай үкіметі берген азық-түлікті ел астанасы Кабулда мұқтаж 1500 адамға үлестірді. Бұл Қытай үкіметінен Ауғанстанға осы айдың басында келген гуманитарлық көмегінің бесінші тобы болып табылады.

Ауғанстан уақытша үкіметінің босқындар ісі министрлігінің өкілі Абдул Муталиб Хаккани Синьхуа агенттігінің тілшісіне әрбір адамға Қытайдың көмекке келген 50 келі күріш таратылғаны туралы айтты. Ол Ауғанстанның уақытша үкіметі Ауғанстан қиыншылыққа тап болған кезде көмек көрсеткені үшін Қытай үкіметіне алғыс білдіретінін жеткізді.

Ауғанстанның уақытша үкіметінің босқындар ісі министрлігінің министр міндетін атқарушы Халил Хаккани көмек болып келген заттарды тарату кезінде Босқындар ісі жөніндегі министрлік  Ауғанстанның барлық өлкелеріне Қытайдан көмекке келген азық-түлікті таратуды жалғастыратынын айтты.

Ауғанстан астанасы, Кабулдың 35 жастағы азаматы Фарид Ахмед Синьхуа агенттігіне отбасында 10 адам бер екенін, тұрмыста тарығып жүргенін тілшіге жеткізіп, Қытайдың осындай керемеи көмегіне ризашылығын білдірді.

Ауғанстан қазір ауыр гуманитарлық дағдарысқа ұшырап отыр. Қытай үкіметі өткен жылы қыркүйекте Ауғанстанға 200 миллион юаньға азық-түлік, қыста мезгілінде қолданатын бұйымдар, вакцина, дәрі-дәрмек және басқа да шұғыл гуманитарлық көмек көрсететінін жариялаған болатын. Осы жоба бойынша әзірге 6220 тоннаға жуық азық-түлік көмегі беріліп болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото