Си Цзиньпин: «Адамзат денсаулығы қоғамдастығын» бірлесіп құруды ілгерлетейік

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 сәуір

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 25 сәуірде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин артемизининнің 50 жылдығына арналған және адамзат денсаулығы қоғамдастығын құруға көмектесу жөніндегі халықаралық форумға құттықтау хат жолдады.

Си Цзиньпин артемизининнің Қытайда табылған және сәтті шығарылған алғашқы безгекке қарсы тиімді дәрі екенін атап көрсетті. Бұл дәрі соңғы 50 жылда Қытайдың безгек ауруын толығымен жоюына көмектесті. Сонымен қатар Қытай дәрімен қамту, техникалық көмек, безгекке қарсы тұру орталығын салып, дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату сынды көптеген жолдармен артемизинин бүкіл әлемде белсенді түрде насихаттап, қолданып дүние жүзінде, әсіресе дамушы елдерде миллиондаған адамның өмірін құтқарып қалды. Сөйтіп безгекке қарсы жаһандық бақылауға және емдеуге, адамзат денсаулығын қорғауға маңызды үлес қосты.

Си Цзиньпин Қытай халықаралық қауымдастық пен денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасулар мен ынтымақтастықты жандандыруға, жаһандық қауіп-қатерлер мен сын-сайыстарға бірлесіп жауап беруге және адамзат денсаулығы қоғамдастығын бірге құруға жәрдемдесіп, әлем елдері халқының денсаулығын сақтауға үлес қосуға дайын екенін айтты.

25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні. Осы күні Бейжіңде артемизинин қолданылуының 50 жылдығына арналған және адамзат денсаулығы қоғамдастығын құруға көмектесу жөніндегі халықаралық форум өтті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото