Биыл Қазақстанда импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 сәуір
Биыл Қазақстанда импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады

Биыл импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 165 жоба іске қосылады. Ал қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Осы жылы іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі - 1,7 трлн теңге. Капиталды барынша қажет ететін, 820 млрд теңге көлеміндегі жобалар Атырау облысында іске асырылатын болады. Жобалар санының аз болғандығына қарамастан, атап айтсақ 5 жоба, бір жұмыс орнына салынған инвестициялар көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Инвестициялардың ең аз көлемі Павлодар облысына тиесілі – 7,4 млрд теңге», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның атап өтуінше, капиталды ең аз қажет ететін жұмыс орындарын құру Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында болады. Бұл өңірлерде бір жұмыс орнына шамамен 20-30 млн теңге жұмсалады.

«Мемлекеттік органдар бөлінісінде жағдай келесідей: 2022 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 107 жобаны, Ауыл шаруашылығы министрлігі 46 жобаны, Энергетика министрлігі – 5 жобаны және Денсаулық сақтау министрлігі 7 жобаны іске асыруға жауапты. Жобалар толық қуатымен жүзеге асырылған кезде 2,5 трлн теңгенің өнімі шығарылып, экспорттың жалпы көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда», - деді министр. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото