Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 сәуір

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 25 сәуірде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтанда Қазақстанға ресми сапармен барған Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен кездесті.

ҚР Президенті «Биыл біз мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Осыдан 30 жыл бұрын бұл қатынастарды жаңадан бастаған едік, қазір стратегиялық серіктеспіз. Экономикалық ынтымақтастықта зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан мен Қытай әлемдік аренада, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында жақын серіктес саналады. Жақын жылдардан бері мен Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен жиі байланыста болдым. Бұл қазақ-қытай қатынастарын дамытуға тың серпін берді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бұдан да үлкен серпілістер мен жетістіктерге жетеді деп сенемін. Қазақстан екі елдің әскери ынтымақтастығына үлкен мән береді. Сонымен бірге екі елдің әскерилері бітімгершілік операциялар, бірлескен оқу-жаттығулар, білікті кадрлар даярлау, әскери технология және басқа да салалардағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайта береді деп санаймын»,- деді.

Вэй Фэнхэ «Жоғары мәртебелі Президент Қытай халқының ескі досы екенін және Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің орнығуы мен дамуына зор үлес қосқанын айтты. Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен екіжақтың қарым-қатынасы қарқынды дамуын сақтап, болашағы нұрлы, өзара тиімділік пен тең ұтысқа ие тату көршінің үлгісіне айналды. Қытай Қазақстанда «түсті революцияны» әдейі тудыратын сыртқы күштерге табанды түрде қарсылық білдіреді және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін тиімді шаралар қабылдауын қолдайды. Біз Орталық Азияға араласып, оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кейбір ірі елдердің кірігуінен сақ болуымыз керек. Бұл жолғы сапар Қытайдың Қазақстанды маңызды деп танитынын және табанды қолдау білдіретінін көрсетеді. Қытай мен Қазақстан қандай қауіп-қатерлерге және қиындықтарға тап болса да, аймақтық тұрақтылықты бірлесіп қорғап, адамзат тағдырының ортақ қоғамдастығын құруға жәрдемдесетін болады. Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан әскерлерінің әртүрлі салалардағы алмасулары мен ынтымақтастығы жемісті болды. Қытай әскері Қазақстан тарапымен ынтымақтастық салаларын одан әрі кеңейтуге және екі елдің әскери қарым-қатынастарының тереңдетілуіне ықпал етуге дайын», - деді.

Сол күні Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Вэй Фэнхэні қарсы алу рәсімін өткізіп, ресми келіссөздер жүргізді. Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік ахуалы, Украинадағы жағдай, Ауғанстан мәселесі бойынша терең пікір алмасып, екі елдің әскерилері арасындағы стратегиялық байланысты нығайтуға, бірлескен оқу-жаттығуларын өткізуге және практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото