2022 жылы Қорғас шекарасынан өткен Қытай-Еуропа пойызының саны 2000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 сәуір
2022 жылы Қорғас шекарасынан өткен Қытай-Еуропа пойызының саны 2000-нан асты

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 20 сәуір күні сағат 19:00-де күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешек балалар ойыншықтары, электр бөлшектері және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Еуропа жүк пойызы Қорғас теміржол шекарасынан шығып, Германияның Дуйсбург қаласына бет алды. Бұл биылғы жылы шекара арқылы өткен Қытай-Еуропа бағытындағы 2000-ыншы пойыз.

Қорғас теміржол порты станциясының статистикасы бойынша, биылғы жылы Қорғас шекарасы арқылы өткен Қытай-Еуропа пойызының саны өткен жылмен салыстырғанда 12 күн бұрын 2 мыңнан асқан.

Қытай-Еуропа арасындағы алғашқы жүк пойызы 2016 жылы іске қосылғаннан осы уақытқа дейін Қорғас шекарасы арқылы 20 мыңнан астам Қытай-Еуропа жүк пойызы өткен. 2016-2021 жылдар аралығында Қорғас шекарасы арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойызының жылдық орташа өсімі 81%-ға жеткен.

Соңғы жылдары Шыңжаңдағы сыртқы сауданың жақсаруы мен дамуына байланысты пойыз желілерін қамту ауқымы кеңейді. Қытай Еуропа пойыздары алғаш тек IT өнімін тасымалдаудан қазіргі киім- кешек, аяқ киім мен бас киім, автокөлік бөлшектері, ағаш, жиһаз, химиялық заттар, машиналар мен жабдықтар сияқты жүзден асатын заттар тасымалына дейін кеңейді. 2021 жылы Шыңжаң Үрімжі, Тұрпан, Қашқар және басқа да аймақ, облыс, қалаларынан Шыңжаңда өндірілген жаңғақ, химиялық шикізат, помидор пастасы және басқа да тауарларды тиеген Қорғас шекарасы арқылы Шыңжаңда өндірілген тауарларды тасымалдайтын 11 арнайы пойызды Қазақстан, Ресей, Түркия, Италия және т.б.мемлекеттерге жіберді.

Кері қайтатын пойыз тұрғысынан қарағанда, бұрынғы «толып барып, бос қайту» бүгінгі «толып барып, толып қайтуға» айналды. Қазіргі уақытта Қорғас шекарасы күн сайын орта есеппен «12 шығыс рейсі және 7 кері рейс» сынды жоғары жиілікті бару-қайтуға қол жеткізе алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото