Қытайдың Пәкістандағы елшілігі Карачи университетінің Конфуций институты автобусындағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Пәкістандағы елшілігі 26 сәуір күні мәлімдеме жасап, сол күні Карачи университетіндегі Конфуций институты автобусына жасалған лаңкестік әрекетті қатаң айыптады.

Мәлімдемеде 26 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:20 шамасында (Бейжің уақытымен 17:20 шамасы) Карачи университетіндегі Конфуций институты автобусы университет ішінде лаңкестік шабуылға ұшырады. Бұл оқиғадан қытайлық үш мұғалім қаза тауып, бір мұғалім жараланды деп айтты.

Қытайдың Пәкістандағы елшілігі мен консулдықтары бұл лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, екі елдің қаза тапқан азаматтарына, зардап шеккендер мен олардың туыстарына көңіл айтты. Пәкістан тарапымен бірге болған оқиғаның мән-жайын анықтап, артқы жұмыстарын ыңғайлауға бар күш-жігерін салады.

Қытайдың Пәкістандағы елшілігі мен консулдығы дереу төтенше жағдай жоспарын жасап, Пәкістан тарапынан жаралыларды емдеуге кірісіп, шабуыл себебін ашып, қанішерді қатаң жазалауды сұрады. Сонымен бірге Пәкістандағы барлық деңгейдегі тиісті ведомстволардан қытай азаматтарының Пәкістандағы мекемелер мен жобалардағы қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін практикалық мақсаттағы тиімді шаралар қабылдауды және мұндай оқиғалардың қайталанбауын қамтамасыз етуді талап етті.

Қытайдың Пәкістандағы елшілігі мен консулдықтары Пәкістандағы Қытай азаматтарына, кәсіпорындар мен жобаларға жергілікті қауіпсіздік жағдайына мән беріп, қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып, жоба қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтіп, сақтық шараларын қатаңдатып, қажет болмаса сыртқа шықпау керектігін ескертті.

Оқиға болған күні түстен кейін Пәкістанның премьер-министрі Шабаз Шариф Қытайдың Пәкістандағы елшілігіне барып, қаза тапқандарға көңіл айтты. Ол тілшілерге берген сұхбатында шабуылды қатаң айыптап, лаңкестік әрекетте жанынан айырылған қытайлық достардың қазасына қайғырып, қаза тапқандардың туыстарына, Қытай үкіметі мен Қытай халқына шын жүректен көңіл айтты.

Шабаз Шариф Пәкістанның зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететінін айтып, мәселені тексеруге нұсқау беріп, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.

Шабаз Шариф Пәкістан терроризмнің барлық түрін айыптайтынын айтты. Пәкістан-Қытай стратегиялық серіктестігінің жауларының зұлымдық жоспары Пәкістан мен Қытай арасындағы темірдей достыққа ешқашан нұқсан келтірмейді. Сонымен бірге ол Пәкістан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа әсер етпейді деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото