ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 сәуір

Қазақстан AMANAT партиясының съезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиадан шығатыны жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді ҚР Президенті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото