Орталық банк: нақты экономикаға сарабдал ақша-несие саясатын қолдауды күшейтеміз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 сәуір

26 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық банктің ресми сайтының хабарлауынша, орталық банктің жауапты тұлғасы Financial Times газетіне берген сұхбатында қаржы нарығындағы ағымдық жағдай туралы былай деді: «Қытай Халық банкі сарабдал ақша-несие саясаты арқылы нақты экономикаға қолдауды күшейтеді, әсіресе эпидемиядан қатты зардап шеккен салаларға, шағын, орта және микрокәсіпкерлікке, жеке өнеркәсіптік және коммерциялық үй шаруашылықтарына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы өндірісін және энергиямен қамтамасыз етуді қолдау мен жеткізуді арттыру, технологиялық инновациялар үшін қайта несиелер мен инклюзивті зейнетақы үшін арнайы қайта несиелерді іске қосуды қолға алмақ. Сол сияқты көмір өндірісін дамыту мен пайдалануды қолдау және энергияны сақтауды арттыру үшін қайта несиелеуді 100 миллиард юаньға көбейту, ауыл шаруашылығын және шағын бизнесті қолдауға арналған қайта несиелер мен азаматтық авиацияға арнайы қайта несиелер көлемін ұлғайту, өтімділікті жеткілікті деңгейде қолдау, қаржы нарығының салауатты және тұрақты дамуына жәрдемдесу, қолайлы ақша-несие және қаржылық жағдай жасау сияқтыларды жүзеге асырады».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото