ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин тұңғыш кезекті ел шеберлерінің инновация алмасу конференциясына құттықтау хатын жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 27 сәуір күні таңертең Бейжіңде тұңғыш «Ел шеберлерінің инновация алмасу» конференциясы ашылды. ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери кеңес төрағасы Си Цзиньпин құттықтау хат жолдап, конференцияның шақырылуымен құттықтады. Сонымен бірге «1 мамыр» халықаралық еңбекшілер күні қарсаңында, ҚКП Орталық Комитетінің атынан Төраға көптеген білікті мамандар мен үлгілі жұмысшыларға сәлем жолдап, барлық еңбекші бұқараны мерекелерімен құттықтады.

Си Цзиньпин өзінің құттықтау хатында білікті жұмысшы қосыны өнімді Қытайда жасау мен тыңнан жаратудың маңызды тірек күші екенін атап өтті. Еліміздегі жұмысшы табы мен қалың еңбекші халық бұқарасы үлгілі еңбекшілер рухын, еңбек және шеберлер бейнесін белсенді түрде насихаттау арқылы бүгінгі әлемдік ғылыми-техникалық революция мен өнеркәсіптік қайта құрудың қажеттіліктеріне бейімделу керек екенін айтты. Жақсы оқу, терең тәжірибені меңгеру, жаңашылдыққа батыл қадам жасау, көш бастау үшін алда болу қажеттігін дәріптеді. «Техникалық дағдылар деңгейін үздіксіз арттыруға, жоғары сапалы дамуды ілгерілетуге, қуатты ел болу стратегиясын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы социалистік елді жан-жақты құруға ақыл-парасат пен күш-жігерді біріктіру керек. Барлық деңгейдегі партия комитеттері мен үкімет өнеркәсіптік жұмысшылар тобының құрылысын реформалауды тереңдетіп, білікті жұмысшылар рөліне назар аударып, олардың жаңашыл бастамаларын толық қолдау керек», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото