ҚХР Сыртқы істер министрлігі: Қытай Пәкістанмен бірге кінәлілерге өз қылмыстары үшін бодау бергізеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 сәуір
ҚХР Сыртқы істер министрлігі: Қытай Пәкістанмен бірге кінәлілерге өз қылмыстары үшін бодау бергізеді

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Пәкістанның Карачи университетіндегі Конфуций институты автобусындағы лаңкестік шабуылға қатысты Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ван Вэньбинь 27 сәуір күні бұл Қытай азаматтарын нысанаға алған қасақана әрі алдын ала жоспарланған қанқұйлы лаңкестік әрекет екенін айтты. Ол қытайлықтардың қаны босқа төгілмейтінін ескертіп, Қытай Пәкістан тарапымен бірге кінәлілерді қудалауға күш салып, астыртын әрекетке барғандар әділ әрі қатаң жазаланып, оларға кінәсі үшін ауыр бодау бергізетінін жеткізді.

Ван Вэньбинь «Екі елдің құрбандарына тағы да аза білдіреміз, зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз»,- деді. Ван Вэньбинь бұл Қытай азаматтарына қарсы әдейі жасалған жанкешті лаңкестік әрекет екенін айтты. Ол тағы да лаңкестер адамзат өркениетінің мұрагері және мәдени сабақтастықтың насихаттаушысы болған мұғалімдерді тікелей нысанаға алды. Бұл шектен асқан, өте нашар сипаттағы қылмыс. Осы жағдайды Қытай қатты айыптап, оған наразылығын білдіреді деді.

Ван Вэньбинь адамның өмірі мен халық бәрінен жоғары тұратынын айтты. Қытайдың Карачидегі бас консулы кеше зардап шеккен қытайлық мұғалімнің көңілін сұрап ауруханаға барды. Жарақат алған мұғалім емделіп жатыр, қазір сауығып келеді.

Ван Вэньбинь терроризмнің бүкіл адамзаттың ортақ жауы екенін баса айтты және Қытай Пәкістанның лаңкестікке қарсы әрекетін табанды түрде қолдайтынын жеткізді. Сөз соңында: «Біз Пәкістандағы Қытай азаматтарына жергілікті қауіпсіздік жағдайына мұқият назар аударуды және қауіп-қатерден аса сақ болуды ескертеміз», - деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото