Юньнань университетінің раушаннан дайындаған ас-мәзірі әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Раушан гүлін жеуге болады деп ойлайсыз ба? Қуырылған раушан, раушан кремі, раушан күріш торты, раушан ликері, раушан папайя сусыны ...

Жуырда Юньнань университетінің дастарханына күніне 200 келі раушаннан дайындаған 30-дан астам тағам түрлері қойыла бастады. Буға пісірілген, қуырылған, қайнатылған, шыжғырылған т.б. тәсілдермен дайындалған раушан гүлдері келушілерге көктемнің дәмін сыйлады!

Юньнань университетінің бұл «Гүл банкетінен» жыл сайын сәуір айында ғана дәм татуға болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото