Бейжіңде ұлттық төтенше тіл қызметі тобы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 сәуір
Бейжіңде ұлттық төтенше тіл қызметі тобы құрылды

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Білім министрлігі мен Мемлекеттік тіл комиссиясының басшылығының қолдауымен 28 сәуірде Бейжіңде ұлттық төтенше тіл қызметі тобы құрылды.

Ұлттық төтенше тіл қызметі тобын Бейжің Тіл және Мәдениет университеті, Ухань университеті, Бейжің шет тілдер университеті, Оңтүстік медициналық университеті сияқты 29 мекеме бірлесіп құрған, төтенше тіл қызметтерімен ерікті айналысатын тиісті мекемелер мен жеке тұлғалардан тұратын қоғамдық әл-ауқат ұйымы. Ол негізінен әртүрлі қоғамдық төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және басқа салалардағы маңызды жұмыстарда еңсеруді қажет ететін тілдік кедергілерге бағытталған. Бұнда жалпы ұлттық тілде, этникалық азшылық тілдерінде, Қытай диалектілерінде, ымдау тілінде, Брайль шрифтінде, шет тілдерінде тілдік қызмет көрсетілетін болады.

COVID-19 басталғаннан кейін Білім министрлігі мен Мемлекеттік тіл комиссиясының басшылығымен Бейжің Тіл және Мәдениет университеті, Ухань университеті және оған қатысты бөлімшелердің сарапшылары мен ғалымдары «Эпидемиямен күресетін тіл қызметі тобын» құрды. Сонымен бірге дәйекті түрде «Эпидемиямен күресу бойынша Хубэй диалектінің нұсқаулығын», «Эпидемияның алдын алу және бақылауға арналған шет тілі нұсқасын» және «Эпидемияның алдын алу және бақылауға арналған қысқаша қытай тілі нұсқасы» сияқты тілдік қызмет көрсету өнімдерін әзірлеп шығарды. Осылайша індетке қарсы күресетін қызметкерлер мен олармен байланысты топтарға көп өлшемді тілдік қызмет көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді және барлық тараптар жақсы қабылдады. Ұлттық төтенше тіл қызметі тобының құрылуы алдыңғы кезеңде қол жеткізілген жұмыстардың жалғасы және дамуы болып табылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото