Қытайдың халықаралық патенттік өтінімдері 3 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасының директоры Шэн Чанюдің айтуынша, еліміз 2021 жылы 696 мың өнертабыс патентін алып, әр 10 мың тұрғынға шаққанда жоғары құнды өнертабыс патенттерінің саны 7,5 пайызға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. «Патенттік кооперация туралы шарт (РСТ)» арқылы қытайлық өтінім берушілер берген халықаралық патент өтінімдерінің саны 69 500-ге жетіп, үшінші жыл қатарынан әлемде бірінші орында тұр. 7,739 миллион тіркелген тауар белгісі мақұлданды, отандық өтініш берушілерден Мадридті халықаралық тіркеуге 5 928 өтінім түсті, 99 өнім қорғалатын географиялық белгілер ретінде жаңадан анықталды. Осылайша жаңадан бекітілген және тіркелген географиялық көрсеткіштерді куәландыру белгілері мен ұжымдық белгілер саны 477-ге жетті. Қызмет түрлері мен компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің авторлық құқықтарын тіркеу саны сәйкесінше 3,984 миллионға және 2,28 миллионға жетті. 3979 жаңа өсімдік сұрыбына құқық берілді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялаған «2021 жылғы жаһандық инновация индексі есебінде» Қытай әлем бойынша 12-нші орынды иеленіп, тоғыз жыл қатарынан тұрақты түрде жоғарылауды жалғастырып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото