Шыңжаңдағы 30 жылдан астам тау қойнауын күзеткен орманшы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Екі күнде бір атына не мотоцикліне мініп, бір қап нанын асынып 533 гектардан астам тау қойнауындағы орманды шолып келеді. Бұл Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы обылысындағы 33 жыл бойы орманшы болған Әдікен Мұқаұлының күнделікті қызметі мен өмірі.

59 жастағы Әдікен Мұқаұлы Шыңжаңдағы Іле қазақ автономиялық обылысы Моңғұлкүре ауданы орман және жайлым шаруашылығы бюросының орман қорғаушысы. «Жылына 7 ай тауда болып, орман алқабындағы ағаштардың заңсыз кесілгенін бақылаймын, содан кейін заңсыз аң аулау, өрт қауіпсіздігі, орман туралы білімді үгіттеу сияқты жұмыстармен айналысамын. Айына бір рет үйіме қайтып, бір айға жететін ішпек-жемек пен керек-жарақтарымды алып кетемін», - деді Әдікен Мұқаұлы.

33 жыл орман қорғаушысы болған Әдікен Мұқаұлы өзі қарайтын аумақты өзінің бес саусағындай біледі: «Мен айына кемінде 22 рет тауды аралап, орманды күзетемін. Күн сайын 20 шақырымнан астам жаяу жол жүремін», - деді.

Әдікен Мұқаұлы 33 жыл бойы қарапайым орман қорғаушысы қызметінде болып, құзырлы аймақта ол шықпаған тау, ол жүрмеген қиыр жол, ол кешпеген өзен қалмады. Осындай ерен еңбегінің арқасында 533 гектардан астам мемлекеттік орманға «Қорғау саясын» салып, табаны күректей 33 жыл бойы орманда бірде апат болдырмады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото