Бірінші тоқсанда тікелей инвестицияның таза кірісі 65 миллиард АҚШ долларын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік валюта басқармасы 27 сәуірде жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің халықаралық төлемдері негізінен теңгерімді болды. Оның ішінде тікелей инвестицияның таза кірісі 65 миллиард АҚШ долларын құрады.

Мемлекеттік валюта басқармасы директорының орынбасары және баспасөз хатшысы Ван Чуньин: «Бірінші тоқсанда тікелей инвестициялар кірісі салыстырмалы түрде жоғары деңгейін сақтады. Бұл негізінен Қытайға 107 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тікелей инвестицияның таза ағыны есебінен болып, жаңа жоғары деңгейге жетті. Еліміз экономикасының ұзақ мерзімді дамуы, ішкі ашықтықты жоғары деңгейде ұстанудың және бизнес ортаны үздіксіз оңтайландырудың ықпалынан шетелдік инвесторлар Қытайға инвестиция салуға ынталы. Ал елімізден шетелге тартылған тікелей инвестицияның таза кірісі 42 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл кәсіпорындардың тікелей шетелдік инвестициясы жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді», - деді.

Ағымдағы операциялар шотында бірінші тоқсанда профицит 89,5 млрд АҚШ долларын құрап, осы кезеңдегі жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы 2,1%-ды құрап, үйлесімді тепе-теңдікте сақталды.

Тауарлар саудасының импорты мен экспорты тұрақты өсу үрдісін жалғастырды. Бірінші тоқсанда еліміздің төлем балансы бойынша тауар саудасының оң сальдосы 145 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдардағы сәйкес кезеңдердің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде тауар айналымының экспорты 803,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Ал импорт 658,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 15%-ға өсті.

Қызмет көрсету саласындағы сауда тапшылығы қысқаруын жалғастырды. Бірінші тоқсанда қызмет көрсету саудасының тапшылығы 18,2 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30%-ға төмендеді. Саяхат және зияткерлік меншік роялтиі - негізгі тапшылық баптары болып табылады. Оның ішінде саяхат көлемінің азаюы 29,4 млрд АҚШ долларын, зияткерлік меншік роялтиінің тапшылығы 7,7 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11%-ға өсті, ал кірістер мен шығыстар сәйкесінше 14%-ға және 12%-ға өсті. Бұл еліміздің зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түскенін көрсетеді. Тасымалдау профициті 2,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл негізінен тасымалдау кірісінің жалпы өсу қарқыны шығыстарға қарағанда шапшаңдауына байланысты болды. Ал тапшылық өткен жылдың сәйкес кезеңінде 9 млрд АҚШ долларын құраған еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото