Дүниежүзілік банк: Жаһандық азық-түлік пен энергия бағасының көтерілуі 2024 жылға дейін жалғасуы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Дүниежүзілік банк жергілікті уақытпен 26-сы күні «Тауар нарығына болжам» атты соңғы есебінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс жаһандық шикізат нарығына үлкен әсер етіп, азық-түлік пен энергия сынды заттардың бағасының өсуіне себеп болғанын айтты. Бұл құбылыс 2024 жылдың соңына дейін жалғасып, жаһандық экономикалық өсім тежелуі мүмкін. Мәліметтерден мыналарды байқауға болады: Энергия бағасы 2022 жылы 50%-ға өсіп, 2023 және 2024 жылдары төмендеуі мүмкін; Brent биыл орташа есеппен барреліне $100 болады деп болжануда, бұл 2013 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып табылады, ал оны 2021 жылмен салыстырғанда 40%-ға артты; Азық-түлік бағасы биыл 23%-ға, бидай бағасы 40%-ға өседі деп болжануда. Хабарда сонымен бірге егер Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ұзаққа созылса немесе Ресейге көбірек санкциялар салынса, шикізат бағасы қазіргі межелегеннен де жоғары болуы мүмкін екенін де көрсете кетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото