Қытай жақын жылдардағы Джомолунгма(Эверест) тауына арнайы ең үлкен ғылыми экспедицияны бастады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 сәуір
Қытай жақын жылдардағы Джомолунгма(Эверест) тауына арнайы ең үлкен ғылыми экспедицияны бастады

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 28 сәуір күні Цинхай-Тибет үстіртінің екінші жан-жақты ғылыми экспедициясының зерттеу тобынан «Шың миссиясы 2022 - Джомолунгманың ең биік аймағындағы кешенді ғылыми экспедиция және зерттеулер» атауымен Джомолунгма аймағында кешенді зерттеу жүргізіліп жатқанын білді. Оған 5 ғылыми экспедиция командасының 16 шағын группасы, жалпы 270-тен астам ғылыми сараптама тобының мүшелері қатысуда.

Бұл 2017 жылы Цинхай-Тибет үстіртінде жан-жақты ғылыми экспедиция іске қосылғаннан бері ғылым саласы ең кең қамтылған, ғылыми экспедицияға қатысушылардың саны ең көп және ең озық құрал-саймандар мен жабдықтары бар кешенді ғылыми экспедиция болып табылады. Джомолунгма ғылыми экспедициясы Джомолунгма тауы аймағындағы экологиялық өзгерістерге назар аударып, атмосфера, су, экология және жер бетіндегі процесс аспектілеріне жан-жақты зерттеу жүргізетінін хабарлады. Мұнда алғаш рет зерттеушілер батыс-муссондық синергия, азиялық су мұнараларындағы өзгерістер, экожүйелер мен биоәртүрлілік, адамзат әрекеті сияқты негізгі ғылыми мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу үшін озық технологияларды, заманауи әдістер мен құралдарды қолданады.

Джомолунгма тауы ғылыми экспедициясының маңызды міндеті теңіз деңгейінен 5200 метрден 8800 метрге дейін 8 метеостанция салу, оның 4-еуі теңіз деңгейінен 7000 метрден жоғары болмақ. Теңіз деңгейінен 8800 метрлік биіктіктегі метеостанция құрылысы сәтті аяқталса, ол әлемдегі ең биік автоматты метеостанцияға айналады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото