Хунань өлкесі Чанша қаласында тұрғындар салған үйлердің құлауы салдарынан 10 адам құтқарылып, 5 адам қаза тапты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 мамыр
Хунань өлкесі Чанша қаласында тұрғындар салған үйлердің құлауы салдарынан 10 адам құтқарылып, 5 адам қаза тапты

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 5 мамыр күні Хунань өлкесінің Чанша қаласында тұрғындар салған үйдің құлауы туралы баспасөз мәслихатынан алған мәліметінше, бұл жолғы апаттан осы уақытқа дейін 10 адам құтқарылып, 5 адам қаза тапқан.

5 мамыр күні таңертең Чанша қаласында тұрғындардың салған үйлерінің құлауы туралы бесінші баспасөз мәслихаты өтіп, апаттан құтқару жұмыстарының соңғы жағдайы туралы хабарланды. Отырыста оқиға орнында құлауды анықтау үшін кәсіптік мамандар тобын құрып, радиолокациялық және жалпы станция сияқты әртүрлі озық жабдықтарды пайдаланып, мүмкіндігінше шаралар қабылдап, құтқару жұмыстарын жүргізіп, қайталама апаттарды болдырмауға күш салып жатқаны айтылды.

Апаттан кейін қатысты орындар зардап шеккендерді іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық жолдармен жүргізуге тырысты. Осныдай құлшыныстың арқасында аман қалғандарды құтқарып, қазірге дейін қиранды астында ұзақ болғанда 130 сағаттан астам қамалып қалған адамның өзін сәтті құтқарып, ауруханаға жіберді.

Қазір Чанша қаласы тұрғындардың салған үйлерін жан-жақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген мәселелерді түзетуді жеделдетіп, осындай апаттардың орын алуына табанды түрде тосқауыл қойды.

Ескере кетсек, 29 сәуір күні Бейжің уақытымен сағат 12:24-те Хунань өлкесінің Чанша қаласында тұрғындардың салған үйі құлау апаты орын алған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото