Көмір қабатындағы метанды игеру және пайдалану ауқымы қарқынды өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші жақында Ұлттық энергетика әкімшілігінен елдегі көмір қабатындағы метанның болжамды ресурсы шамамен 26 триллион текше метр болғанын білді. Олардың ішінде барланған геологиялық қорлар 803,9 миллиард текше метрді құрайды. Бұл өткен жылғы елдегі табиғи газды тұтынудың екі еселенген мөлшерінен астамға тең.

Соңғы жылдары еліміздің көмір қабатындағы метан өнеркәсібін дамытудың ресурстық базасы үздіксіз шоғырландырылу үстінде. Көмір қабатындағы метан әдетте «көмір шахтасындағы жанғыш газ» ретінде белгілі. Көмір қабатындағы метанды игеру мен кәдеге жаратуды жеделдету көмір шахталарының қауіпсіз өндірісін қамтамасыз етудің маңызды құралы және таза энергиямен жабдықтауды арттырудың тиімді жолы болып табылады.

Сонымен қатар, көмір қабатындағы метанды игеру және пайдалану ауқымы қарқынды өсуге қол жеткізіп, табиғи газбен қамтамасыз етуді толықтыратын аймақтық газ көзіне айналды. Мемлекет бойынша әртүрлі типтегі барлығы 20 мыңнан астам көмір қабаты бар метан ұңғымалары салынды. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында ұлттық көмір қабатындағы метан өндіру 2,3 миллиард текше метрге жетіп, өткен жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда шамамен 20,8 пайызға артып, ішкі табиғи газбен қамтамасыз етудің шамамен 4,1 пайызын құрады. 2021-2022 жылдар аралығындағы жылыту маусымында ЦБМ орташа тәуліктік жеткізілімі 23,6 млн текше метрге жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото