Алғашқы төрт айда Шыңжаң теміржолы қос шекарасынан Қытай-Еуропа бағытында 4 мыңнан астам пойыз өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- China Railway Urumchi Bureau Group Co., Ltd 1 мамырда мәлімдегеніндей, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында Шыңжаң теміржол қос шекарасы - Қорғас және Алашанькоу(Алатау)шекарасына кіріп-шығатын Қытай-Еуропа пойыздарының саны тұрақты өсімге қол жеткізіп қана қоймай, бұрынғыдан да артып, 4 мыңнан асқан.

Жақында Шыңжаңның Қорғасы пен Алашанькоу(Алатау)шекарасы станцияларынан күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, техника керек-жарақтары, киім-кешек, ойыншықтар тиелген Қытай-Еуропа пойыздары бірінен соң бірі Польшаға және басқа бағыттарға қарай жолға шықты. 2 мамырдағы жағдай бойынша, Шыңжаң темір жолының қос шекарасынан кіріп-шығатын Қытай-Еуропа кезекші пойыздар саны биыл 4114-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.

Эпидемия басталғаннан бері Шыңжаң теміржол бөлімі тасымалдау мүмкіндігіне күш салып, Қытай-Еуропа жүк пойыздары тасымалын ұйымдастыруды одан әрі оңтайландырып, барлық байланыстардың бір уақытта жұмыс істеуіне қол жеткізу және кеден ісі өнімділігін жақсарту үшін кеден бөлімшелерімен ынтымақтасты. Қорғас және Алашанькоу(Алатау)шекарасындағы Қытай-Еуропа пойыздары қатынау көлемі эпидемияға дейінгі 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі 1883 пойыз қатынасымен салыстырғанда қазір екі еседен астам өсіп, 4 мыңнан асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото