Қытайлық экспедиция тобы Джомолунгма (Эверест) шыңына сәтті шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Мамырдың 4-і күні түсте Джомолунгма экспедициясының 13 мүшесі Джомолунгма шыңына сәтті шықты. Бұл Қытайдың Джомолунгма экспедициясы тобының теңіз деңгейінен 8000 метр биік үстіртті бірінші рет бағындыруы Цинхай-Тибет үстіртіндегі ғылыми-зерттеу тарихында дәуірлік маңызы бар оқиға болды.

Джомолунгма шыңында бұл жолы ғылыми экспедиция тобы әлемдегі ең биік автоматты метеостанцияның құрылысын аяқтады. Хабарларға қарағанда, Қытайдың Джомолунгма тауында градиентті метеорологиялық бақылау жүйесін салу үстірттегі мұздықтар мен қар жамылғысының өзгеруін бақылау үшін үлкен маңызға ие. 4 мамырда ғылыми экспедиция тобы алғаш рет шыңдағы қар мен мұздың қалыңдығын жоғары дәлдіктегі радар арқылы өлшеді.

Мәліметтерге сәйкес, ғылыми экспедиция тобы алдағы уақытта бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото