ҚКП ОК Саяси Бюросының отырысы: «Динамикалық тазарту» жалпы саясатын бұлжытпай ұстанамыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 мамыр

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитеті 5 мамырда мәжіліс өткізіп, Covid-19 індетінің алдын алу және бақылаудың қазіргі жағдайын талдап, індеттен қорғану мен күресудің негізгі міндеттерін айқындап, зерттеді. ҚКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы Си Цзиньпин жиналысқа төрағалық етіп, маңызды баяндама жасады.

Жиналыста Covid-19 індеті басталғаннан бері біз халықты және адам өмірін бірінші орынға қою қағидасын ұстанып, сырттан кіру мен ел ішінде індеттің қайта орын алуынан сақтанып, динамикалық тазартуды талап етіп, уақыт пен жағдайға қарай алдын алу мен бақылау шараларын үздіксіз жетілдірудің арқасында эпидемияның алдын алу мен бақылаудағы маңызды стратегиялық жетістікке жеткенімізді атап өтті. Сонымен бірге тәжірибе көрсеткендей, біздің алдын алу және бақылау бағытымыз партияның сипаты мен мақсатына қарай айқындалған және біздің індеттің алдын алу және бақылау саясатымыз тарихтың сынынан сүрінбей өтіп келеді. Біздің шараларымыз ғылыми әрі тиімді. Уханьды қорғау үшін шайқаста жеңіске жеткеніміз және Шанхайды қорғау үшін күресте де міндетті түрде жеңетініміз айтылды.

Жиналыста қазіргі жаһандық індет әлі де жоғары деңгейде екені, вирус таяқшасы үнемі өзгеріп отыратыны, індеттің соңғы бағытына қатысты әлі де үлкен белгісіздіктің бар екені, сондықтан селқос қарайтын уақыттың алыстығы баса айтылды. Еліміз - халқы көп, қарттары мол, аймақтық дамуы теңгерімсіз, медициналық ресурстарының жалпы мөлшері жеткіліксіз ел. Алдын алу мен бақылауды жеңілдету сөзсіз кең ауқымды эпидемияны, салмақты сырқат пен өлім-жітімді тудырады. Сол сияқты экономикалық және әлеуметтік дамуға, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше әсер етеді.

Жиналыста індеттің алдын алу және онымен күресу бойынша партияның Орталық Комитеті белгілеген нұсқаулар мен саясатты терең, толық және жан-жақты түсіну қажеттігі, түсініудың аздығы, дайындықтың кемдігі, жұмыстың жеткіліксіз болуы сияқты проблемаларды табанды түрде жеңу керектігі көрсетілді. Немқұрайдылықты болдырмай, қырағылықпен «динамикалық тазартудың» жалпы бағытына аса табанды болып, еліміздегі індеттің алдын алу мен бақылау саясаттарын бұрмалайтын, күмән тудыратын және теріске шығаратын барлық сөз және әрекеттермен табанды түрде күрес жүргіземіз.

Кездесуде табандылық – жеңіс екені баса айтылды. Қазіргі уақытта індеттің алдын алу және онымен күресу жұмысы «ағымға қарсы жүзгенде, алға тартпаған, кері шегінеді» деген сын кезеңінде тұр. Әр деңгейдегі партия комитеттері мен үкімет өздерінің сенімдерін нығайтып, күрестің күрделілігі мен ауырлығын терең түсінуі керек. Індетке қарсы, Партия Орталық Комитетінің шешімдері мен шараларын жүзеге асырып, күрескерлік рухты толық көрсетіп, індеттің алдын алу және бақылаудың берік тосқауылын орнықтырып, індеттің алдын алу мен бақылаудың қиындықпен келген нәтижесін табанды түрде бекітуіміз керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото