Қытай өкілі: Қытай НАТО-ның дүние жүзінде лагерь қақтығыстарын арандатуына үзілді-кесілді қарсы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 мамыр
Қытай өкілі: Қытай НАТО-ның дүние жүзінде лагерь қақтығыстарын арандатуына үзілді-кесілді қарсы

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 5 мамыр күні Украина мәселесіне арналған жиын өткізді. Жиында Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь халықаралық қауымдастықты соғысты тоқтату үшін күш-жігерді біріктіріп, қақтығыстың гуманитарлық зардабын барынша азайтуға шақырды.

Чжан Цзюнь: «Қырғи-қабақ соғыстан кейін НАТО-ның шығысқа қарай өріс кеңейтуі Еуропаны қауіпсіз етпей, керісінше қақтығыстарды ұлғайтты. НАТО өзін қорғаныс ұйымы деп мәлімдейді, бірақ егемен елдерге қарсы соғыс ашып, адамдар шығыны мен ауыртпалықтар, гуманитарлық апаттар туғызады»,- деп атап көрсетті.

Чжан Цзюнь 1999 жылы 7 мамырда НАТО Қытайдың Югославия Федеративтік Республикасындағы елшілігін бомбалап, үш қытай журналисінің жанын жалмап, 20-дан астам қытайлық дипломатты жаралағанын айтты. Әрі Қытай халқы бұл зұлымдықты ешқашан ұмытпайды және мұндай трагедияның қайталануына жол бермейтінін атап өтті.

Чжан Цзюнь: «Барлық елдің қауіпсіздігі - ортақ мәселе. Бір елдің қауіпсіздігін басқа елдерге қауіп төндіру арқылы орнату теориялық тұрғыдан ақылға қонымсыз әрі мүмкін де емес. Қырғи-қабақ соғыс әлдеқашан аяқталды. Енді НАТО жағдайға байланысты қажетті түзетулер енгізуі керек. Ол қауіпсіздіктің ескірген тұжырымдамаларын ұстанып, Еуропада, тіпті Азия-Тынық мұхит пен әлем лагерьлерінің қақтығысын тудыруға және шиеленісті оқиғаларды қалыптастыруға құнықты. Мұндай көзқарас өзгелерге де, өзіне де зиян. Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы»,- деді.

Чжан Цзюнь: «Әлемге «жаңа қырғи-қабақ соғыс» қажет емес, әлем бұдан да үлкен дүрбелең мен қайшылықтарды көтере алмайды. Қытай салтанатты түрде адамзат қауіпсіздігінің шынайы мәселелерін айқындап, әлем бейбітшілігінің ұзақ мерзімді шешімін іздеу үшін барлық елдер БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адал болып, қауіпсіздіктің бөлінбейтін принципін қолданып, консультациялар мен күшті біріктіру арқылы теңдестірілген, тиімді және тұрақты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға шақырады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото